Атырауда мырышталған темір өнімдердің алғашқы партиясы өндірілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда мырышталған темір өнімдердің алғашқы партиясы өндірілді

04.05.2021

Атыраудағы темірді ыстықтай мырыштайтын кәсіпорын ішкі нарыққа алғашқы 100 тонна өнімін шығарды. Сапалы металл Теңіз кенішіндегі зауыт құрылысына жөнелтілді. Тағы 100 тонна тауар экспортқа дайын тұр. Бірегей зауыт мемлекеттің қолдауымен өткен жылы 5 млрд теңгеге салынды. Жоба нәтижесінде 300-дей адам еңбекпен қамтылған. 

Ноян Ахметов, өндіріс басшысы:
Жылына 24 мың тонна металлды ыстықтай мырыштаймыз. Сапасы өте жоғары. Бұйырса бүкіл Қазақстан және шетелге де шығаруға мүмкіндігіміз бар.

Жандос Темірғали 

атырау мырыш зауыт

Хабарламаларға жазылу