Қазақстанның 200-ден аса кәсіпорны XII «Инно-пром» халықаралық көрмесіне қатысуда - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанның 200-ден аса кәсіпорны XII «Инно-пром» халықаралық көрмесіне қатысуда

04.07.2022

Қазақстанның 200-ден аса кәсіпорны XII «Инно-пром» халықаралық көрмесіне қатысып жатыр. Биыл еліміз алғаш рет халықаралық шараға серіктес. Көрме аясында Премьер-министр Әлихан Смайылов бастаған делегация, бизнес өкілдерімен және ірі инвесторлармен жүздесті. Сондай-ақ, үкімет басшысы ресейлік әріптесі Михаил Мишустимен кездесіп, екі жақты келіссөз өткізді.

Теміртаулық Евгений Сидоренко көлікке ірі инвесторлар, бизнес өкілдері бірден қызыққанан айтады. Жас өнертапқыш елімізде көлік шығаруға барлық мүмкіндік жасалған дейді.

Евгений Сидоренко, кәсіпкер:

Енді өзге де көліктерді құрастырып, шығарғым келеді. 30 жұмысшым бар. Күнделікті тұтынуға жарайтын, жол талғамайтын көлік шығарсам, оны қазақстандықтар пайдалана алады. Бағасы да қолжетімді болады.

Жалпы көрмеге 30 мемлекет қатысуда. Қазақстанның павильоны ең ірі аумақты алып жатыр, 1600 шаршы метр. Цифрлық өндіріс, металлургия, энергетика, машина жасау және өзге де салалардың өкілдері өз өнімдерін ұсынды.

Асхат Бозымбай, қолөнер шебері:

«Мен өзім тері бұйымдарымен айналысамын, қазақтың қару-жарақтарымен. Бұл жерде тері бұйымдары да бар. Егер қызығушылық танытып жатса, қуана қуана келісеміз».

Татьяна Исмаилова, Новоуральск қаласының тұрғыны:

Қазақ өнімдерінің көп болуы қуантады. Бұрыннан қызығып жүретін едім. Әсіресе ұлттық нақыштағы өнімдерді көріп, таң қалдым. Осы арқылы Қазақстанның тарихымен де таныса алдық. Өңірімізде қазақ дүкендері ашылса екен деген тілек бар».

Өткен жылы екі елдің арасындағы сауда айналымы 24 млрд доллардан асқан, елімізде 3.5 мың бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Осы көрмеден соң бірлескен кәсіпорындардың саны артуы мүмкін. Үкімет басшысы шара аясында ресейлік ірі компаниялардың басшыларымен кездесті. Жаңа жобаларды іске асыру мәселесін талқылады. Шара жетінші шілдеге дейін жалғасады. Оның аясында ірі бизнес жобаларға қол қою жоспарланып отыр.

Индира Бегайдар

Хабарламаларға жазылу