Талдықорғанда білікті дәрігер күрделі операцияларды тегін жасады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда білікті дәрігер күрделі операцияларды тегін жасады

04.07.2022

Талдықорғанда балалар жылына қолдау ретінде, медицина ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Арынов бірнеше күрделі операция жасады. Сондай-ақ жетісулық хирургтерге шеберлік сағатын өткізіп, операциялардың өзі ойлап тапқан жаңа әдістерін үйретті. Дәрігер бір күнде өкпе мен бауырдың эхинококкозы және колостома, тоқ ішек анастомозы диагнозы анықталған 3 балаға операция жасап, тәжірбиесімен бөлісті. Профессор хирургия саласына операциялардың тың тәсілдерін енгізіп, науқастардың жылдам оңалып кетуіне жағдай туғызып отыр. 38 жылда 25 мың операция жасаған тәжірибелі хирург «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Жетісу өңіріне жиі келіп тұрады.

Нұрлан Арынов, медицина ғылымдарының докторы, профессор:

Разрез соны қалай кесу керек? Етті бұзуға бола ма? Болмайды. Етті кеспей бүйректі алып тастау керек пе анықтаймыз. Бәрі таң қалады. Әйтпесе өкпе қуысына етті кеспей кіру. Көбісі білмейді де. Естіген жоқ. Осындай тәсілдер. Өкпеге операция жасалған соң ертеңінде бала бөлімшеде жүру керек.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу