Алматыда заңсыз салынған тұрғын үйді сүру басталды
Алматыда заңсыз салынған тұрғын үйді сүру басталды. «Шұғыла» ықшам ауданында бой көтерген 12 қабатты кешенді бұзу жөнінде сот шешімі күшіне енді. Заңсыз құрылыс бойынша шағым сол маңдағы көршілерден келген. Тексеріс барысында нысанның негізсіз бой көтергені белгілі болып, компания иесіне әкімшілік шара қолданылды. Оған өздігінен демонтаж жұмыстарымен айналысу тапсырылған. Алайда, кәсіпкер сот шешімін елемеді. Сол себепті, үйді мәжбүрлі түрде бұзу шаралары кәсіпкердің есебінен жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, Алматыда құрылыс басқармасының келісімінсіз соғылған 14 мыңдай құрылыс нысаны бар.
Медет Абаев, қала құрылысын бақылау басқармасының аудандық бөлім басшысы:
Меншік иесі Артехнос компаниясымен сәулет жоспарлау тапсырмасын алмай, эскиздік жоба келісілмей, жобалық- сметалық құжаттамаларсыз басталғаны анықталды . Осыған сәйкес, әкімшілік шара қолданылып, заң бұзушылықты жою жөнінде нұсқама берілді.
Фариза Мұсақызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жаңаөзенде 400 бала тегін үйірмелерге қатысуда
20.08.2026, 20:24
Шетелдік ғалымдар: Қазақстанның бір палаталы парламентке көшуі - тарихи өзгеріс
20.08.2026, 20:20
Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді
20.08.2026, 20:19
Үгіт-насихат науқаны аяқталуға жақын
20.08.2026, 20:15
Халықаралық бақылаушылар дайындық барысымен танысты
20.08.2026, 20:15
Бала капиталы: Мемлекеттік қолдауды тиімді пайдалану жолдары
20.08.2026, 20:10
Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты
20.08.2026, 20:07
Жатақхана тапшылығы 5700 орынға дейін қысқарды
20.08.2026, 20:06