Ақмола облысында басқарма басшысы 10 жылға сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақмола облысында басқарма басшысы 10 жылға сотталды

01.07.2022

Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы аса ірі көлемде пара алғаны үшін сотталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік өкілдері оның келісілген 30 млн теңгеден 13 млн 847 мың теңгені заңсыз иемденгені үшін кінәлі деп танылғанын хабарлады. Облыстық Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот үкімімен Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Димаш Таласбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен бірге оған мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда қызмет атқаруға өмір бойына тыйым салынды.

Арман Тлеукенов, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

Ол пара жалпы қамқорлығы және серіктестердің дала жұмыстарын жүргізу үшін облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне арзандатылған дизель отынын жеткізу жөніндегі оператор ретінде айқындауға жәрдем көрсеткені үшін арналған. Үкімді жария ету облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы ұжымының қатысуымен өтті.


Хабарламаларға жазылу