Павлодар облысында сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша алғаш рет 3 бірдей тараптың өкілдері сотталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша алғаш рет 3 бірдей тараптың өкілдері сотталды

03.06.2022

Павлодар облысында сыбайлас жемқорлық дерегі бойынша алғаш рет үш бірдей тараптың өкілдері сотталды. Олар Ақсу қаласы құрылыс бөлімінің басшысы, мердігер фирма жетекшісі және техниқалық бақылаушы. Су құбырын тартуға тиісті тендерді ұтып алған кәсіпкер жұмысты бастаған соң, іле-шала сол күйінше тастаған. Ал, бірақ бұл мақсатқа бөлінген қаржы есеп шотына толықтай аударылады. Яғни, үшеулеп бюджеттің 340 млн теңге қаржысын жоқ қылады. Халықты ауыз сумен қамтуға арналған нысан сол күйінше тоқтап тұр.

Жоламан Қиналбеков, экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы:

Сотталғандар мемлекет жұмысы атқарылған деген актілерге қол қойып, үкімет қаржысын жымқырған. Сол себепті Ақсу қалалық соты Мұздыбаевты 7 жылға бас бостандығын айыру туралы үкім шығарды. Павлодар облыстық сотының Қылмыстық істер жөніндегі алқасы Рысбековты 9 жылға, Нұртазинді 7 жылға бас бостандығынан айырды.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу