Жемқорлықпен ұсталған 50-ге жуық адамның сегізі ғана қамалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жемқорлықпен ұсталған 50-ге жуық адамның сегізі ғана қамалған

30.06.2022

Атырау облысында соңғы бір жарым жылда жемқорлық әрекетке барған 48 адамның сегізі ғана қамалды. Ал 35-і тек айыппұлмен құтылған. Осылайша олардан бюджетке 1,1 млрд теңге кері қайтарылды. Бұл - келген шығынның 96 проценті.

Мамандар қылмыстық әрекеттің көбінесе мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жасалатынын айтады. Тауарлар мен қызметтерге бағаны жасанды түрде көтеру дерегі жиі тіркеледі. Осыған қатысты білім саласында 15, ал денсаулық сақтау мекемелерінде 13 факт анықталған. Порталға жүргізілген мониторингтің қорытындысымен 1 жарым млрд теңгеден астам қаржы үнемделді. Жалған бағалау 103 мемлекеттік органда анықталды.

Соңғы кезде мемлекеттік сатып алу саласындағы қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 6 есе азайған.

Жандос Темірғали


Хабарламаларға жазылу