Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, жүргізушілері қаза тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында екі көлік соқтығысып, жүргізушілері қаза тапты

30.06.2022

Қарағанды облысы, Нұра ауданында жантүршігерлік жол апатынан екі жүргізуші тілге келместен, жан тапсырды.

Тағы 8 жолаушы түрлі дене жарақатын алған. Оның 7-еуі бала. Барлығы жақын маңдағы елді мекендегі ауруханаға жеткізілді.

Қайғылы жағдай «Жараспай-Нұра» трассасында болған. «Хонда Одиссей» мен «Фольксваген гольф» автокөліктері қатты жылдамдықпен бетпе-бет кеп соқтығысқан. Полиция «Хонда» көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай қалған» деп отыр. 

Хабарламаларға жазылу