Польшада ағашқа сұраныс 30%-ға артты
Польшада көмір мен газ қымбаттағандықтан, орман ағашына сұраныс артып отыр. Биыл жасыл желектің 377 мың текше метрі сатылған. Бұл – өткен жылғы көрсеткіштен 30 пайызға жоғары. Ал, көмір бағасы былтырдан бері үш есеге өсіп, тоннасы қазір 450 долларға саудаланып жатыр. Елде мұндай жағдайдың қалыптасуына Ресейдің Украинаға әскер кіргізуінен энергетикалық ресурстар нарқының шарықтай түсуі себеп.
Айта кету керек, Польша территориясының 30 пайызы - орман. Сондықтан, ағаш шаруашылығымен айналысатындардың ойынша, ел халқы биыл да, келесі жылы да жылудан кенде болмайды.
Артур Гаский, Орман шаруашылығының өкілі:
Еуропадағы қазіргі жағдайға, Украинадағы қақтығысқа байланысты мемлекеттік ормандар тұрғындарды алдағы жылу маусымында отынмен қамтамасыз ете алады. Сонымен қатар, бұл - толығымен жаңартылатын ресурс, талапқа сай шикізат. Ол келесі жылдың қысында да халықты жылусыз қалдырмайды деп ойлаймын.
Арыстан Рысбек
Автор
Арыстан Рысбек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
1 200 шақырымнан астам арық жүйесі тазартылды
12.10.2026, 20:33
Балалардың құқығын қорғау мәселесі жіті бақылауда
12.10.2026, 20:17
Халықаралық сарапшы: Қазақстан адам саудасына қарсы күресті күшейтті
12.10.2026, 20:15
Варшава конференциясында Қазақстандағы реформалар жоғары бағаланды
12.10.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
12.10.2026, 20:11
Криптоинвесторлар Астананы Дубай мен Сингапурға теңеді
12.10.2026, 20:10
Ел экономикасы жеті жылда 300 млрд доллардан асты
12.10.2026, 20:09
Депутаттық корпусты жаңарту мәслихаттардың жұмысын күшейтеді
12.10.2026, 20:05