Елордалықтар Назарбаев зияткерлік мектебіне гранттың аз бөлінгеніне наразы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордалықтар Назарбаев зияткерлік мектебіне гранттың аз бөлінгеніне наразы

28.06.2022

Елордалықтар Назарбаев зияткерлік мектебіне гранттың аз бөлінгеніне наразы. Өйткені, қазақ сыныбына барғысы келген балалардың басым бөлігі оқуға түсе алмаған. Ата-аналардың айтуынша, қазақ тілді талапкерлер орыс тілді тест тапсыруышлардан жоғары балл жинаған.

Сонымен бірге, былтыр 96 балаға тегін оқу мүмкіндігі берілсе, биыл ол 75-ке төмендепті. «Балалар жылына» қолдау болады деп күткен жұрт мұны түсіне алар емес.  

Гүлдана Тасмағанбетова, оқушының анасы:

Ресми түрде 75 грант бөлінетіні неге алдын ала ескертілмеді? Балалар 96 грант бөлінеді деп дайындалды. Грантқа түсе алмай қалған балалар қазір деепресияға түсті. Не деп түсіндіреміз? Балы әлдеқайда төмен орыс тобындағы балалар неге оқуға түсіп отыр? Ал қазақ тілінде оқыған білімі, IQ-ы жоғары балалар далада қалып отыр. 

Ал Назарабаев зияткерлік мектебі өкілдерінің ата-аналарға айтар өз уәжі бар. Грантты тағайындау үшін құрылған комиссия бірнеше факторға назар аударатынын жеткізді.  

Жанара Жаманқұлова, НЗМ Дербес білім беру ұйымының білім сапасын бағалау және халықаралық аккредитациялау департаментінің аға менеджері:

Оның біріншісі – мектептің сыйымдылығы. Биылғы бітірген 12-сынып түлектерінің және басқа да сыныптардан кеткен оқушылардың ваканттық орнын есептеп жалпы ваканттық орын анықталады. Биыл бітіріп отырған 12-сынып түлектерінің саны – 128. Олар 3 қазақ сыныбын, 3 орыс сыныбын бітірді. Сондықтан да биыл 3 қазақ сыныбы, 3 орыс сыныбы ашылып отыр. 

Хабарламаларға жазылу