![Қазақстандағы әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері - Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің түлегі - Бейбіт Атамқұлов](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/5/article_52248.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов Шымкент қаласындағы химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне барып, мұғалімдер мен оқушыларды Білім күнімен құттықтады.
«Қазақстандағы әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері - Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің түлегі. Бұл - өте қуанышты жағдай. Мұның барлығы Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының жемісі», - деді құттықтауында облыс басшысы Б.Атамқұлов.
Өңірде биыл 70 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын тұңғыш рет аттады. Бұл - республикадағы ең жоғары көрсеткіш.
Облыс бойынша жаңа оқу жылында 49 білім ошағы пайдалануға берілсе, соның 22-і бүгін - 1 қыркүйекте ашылды. 74 мектеп күрделі жөндеуден, 675 мектеп ағымдағы жөндеуден өткізілген. Сондай-ақ, аймақ басшысы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде үшауысымды мектептер саны 21-ге дейін қысқаратынын атап өтті.
Жалпы, өңірдегі үшауысымды және апатты жағдайдағы мектептер мәселесі 2016-2017 жылдары толығымен шешіледі, деп жоспарлануда.
Өңір басшысы Назарбаев Зияткерлік мектебінің сыныптары мен зертханаларын аралап, оқушылармен әңгімелесті.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Қазақстандағы әрбір үшінші «Алтын белгі» иегері - Оңтүстік Қазақстан облысы мектептерінің түлегі - Бейбіт Атамқұлов&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv/news/101937/)