Футбол: Балалар футбол құрамасына қанша қаржы қаралады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Футбол: Балалар футбол құрамасына қанша қаржы қаралады?

26.06.2022

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

Негізгі футболшыларды дайындайтын балалардың футбол мектебі дамымай жатыр. Мысалы кеше мәдениет және спорт министрі мынау 2,5 млн бала секцияларға қатысып жүр дейді? Оның нәтижесі қайда?

Серік Мәмбетов 2 жылдан бері «Ауыл футболы» жобасын ұйымдастырып келеді. Қазақтың қара домалақтары үшін әлеуметтік желіде арнайы парақша ашып, футболға жанашыр азаматтардың басын біріктірген. Мемлекеттен 1 тиында сұрамастан, 60-қа жуық ауылға доп пен форма жіберіп, бірнеше алаң салып берген.

Серік Мәмбетов, «Ауыл футболы» жобасының жетекшісі:

Ауыл футболының проблемасы жетеді. Алаң, инфраструктура жоқ. Біздің барлық осы 5 ауыл бар мына жердегі біздің округ, Райымбек округында. Тек ғана 1 мектепте стандартный көк алаң бар. Екіншісін біз өзіміз спонсор тауып, жасадық. Сонда қаншама халық тұрады, қаншама бала неше түрлі тас, құм, батпақ кешіп ойнап жүр.Футбол, спорт жекеге кету керек. Ол өзі біледі қалай дамытатынын, тренерге қанша ақша төлейтінін, қалай жарнама жасауын тағы басқа.Ал бізде барлығын мемлекетке беріп қойған, ол тендермен түкке жарамайтын 1000 теңгенің доптарын алып келеді.

Целиноград ауданына қарасты Ақмол ауылына балалар көршілес ауылдардан келеді. Себебі футбол бөлімшесі бар жалғыз спорт мектебі осы жерде орналасқан. Ғимараты жаңа, биыл қолданысқа берілген.

Нұраңсар Серік, Алжир ауылының тұрғыны:

Оған дейін біз қыста осы жерде ойнап жүрдік. Бутси немесе мини киіп аламыз тайғанамайды. Бірақ мұз болса тайғанайды.

Елімізде 5000-нан астам футбол жаттықтырушысы бар. Солардың біріЖамбыл Смаков. Ауыл балаларын 10 жылдан бері футболға баулып келеді. Әлемді мойындататын қазақ футболшыларын өсіргісі келеді, бірақ...

Жамбыл Смаков, жаттықтырушы:

Талантты балалар ауылдық жерде болады, болған кезде ішінде 4-5 бала. 4 бала мықты командаға қарсы ойнаған кезде көрінбей қалады. Себебі ауылда бала аз. 02:04. Балалар футболында реформа өте көп болу керек. Регион, регионда өту керек жарыстар, чемпионаттар. Біз шалғай ауылдар жарысқа бара алмаймыз мысалыға.

Думанның футболға қатысып жүргеніне 6 жыл болды. 3 жыл бұрын отбасы Қостанайға қоныс аударған. Ауыл баласы демалыс күндерін асыға күтеді, себебі ол кезде ата-әжесінің қасынабарып жасыл алаңда алаңсыз доп тебеді.

Думан Ахманов, Қостанай қаласының тұрғыны:

Мен қазір Қостанайда тұрамын. Аламан клубына қатысып жүрмін, бірақ осы жердегі футбол ұнайды. Онда спортзал, спортзалда буци киюге болмайды. Футзалда ұшпайтын доппен тебесің, ал мұнда ұшатын доп, ворота үлкен.

Ресми ақпаратқа сүйенсек елімізде 875 мыңнан астам адам футболмен айналысады. Оның 503 мыңы ауылдық жерде. Мемлекеттік спорт мектептерінің 853-де футбол бөлімшесі бар. Онда 34 мыңға жуық бала аяқ доппен жаттығып жүр.

Серік Мәмбетов, «Ауыл футболы» жобасының жетекшісі:

Мен айтқанмын министрге бір кәсіпкер келіп көк алаң салса, кішкентай шағын қылып, оныда хотя қабылдасаңдаршы. Қалған документтерін талап етіңдер енді, тренердің справкасы тағы басқасы. Десем қиын дейді. Олардың талабы бойынша жұмыс істейік десек, сенің міндетті түрде спортзалың болу керек дейді. Ол ауылдағы кәсіпкерде қайдан спортзал болады? Бір келетін 50 балаға кәсіпкер миллиондарды құртып спортзал салмайды.

Елімізде өз қаржысына балаларды даярлап жүрген жаттықтырушылар жетерлік. Соның бірі ФазылбекӘбсаттарұлы. Португалияға 4 рет 60-қа жуық баланы ертіп апарып, Браго кубогын алып келген.

Фазылбек Әбсаттарұлы, футбол клубының жетекшісі:

Біздегі ең маңызды мәселе ақша жоқ. Балалар футболын тек мемлекет қаржыландыруы керек, бұл әлемдік тәжірбие солай. Ал бізде керісінше мемлекеттің ақшасын кәсіпқой футболисттерге береміз, ал бізді аш тастай салған былай. Ал біз қалай дайындаймыз? Бірінші кезекте айлық, қаржыландыру.Мысалыға ол балаларды дайындайтын жаттықтырушылардың айлықтары орташа есеппен 120 мың теңге. Ауылдық жерлерде одан аз. Осыншама айлық алатын адамнан қайдан сапа сұрайсың?

Қуандық Ермекбаев, Қазақстан футбол федерациясының балалар және жасөспірімдер футболы департаментінің бас менеджері:

Әрбір жылдың басында кәсіби футбол клубтары сертификаттау ережелерін өтеді. Критерийы бар, ҚР-да жарысқа қатысу үшін жасөспірімдер және балалар футболы болу керек. Сол жерде 9 жастан 18 жасқа дейінгі балалар дайындалады.Олардың ішінде 8000-нан астам балалар тегін футболмен айналысады.

Қазыбек Иса, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

2013 жылы біз 78 баланы Бразилияға жібердік оқуға. Оқып келсін, 78 баламыз келеді де қырып жібереді деп. Бір бала жоқ қазір 78 баладан. Біреуі ғана футболда жүр олда футболист емес. Тілші ма, фототілші ма бірнәрсе болып жүр. Доп теппейді. Ал сонда неге ол 78 баладан 1 бала шықпады? Себебі 78 бала әділ таңдалмаған. Әділетсіздік болған бұл жерде. Жемқорлықпен пәленшенің баласы, түгеншенің баласы, әкімнің баласы кеткен.

Өңірлерден талантты өрендерді жинау үшін «Qazsport» телеарнасы «Super bol!» жобасындайындады. Бүгінде аймақтарда кастинг жүруде. Аяқдопшы боламын деген 6000-нан астам адам өтініш берген, жастарды 16 мен 25-тің арасында.

Айдын Қожахмет, «Super boll» жобасының креативті продюсері:

Аудандардан келіп жатыр, ауылдардан келіп жатыр, бәрінің көзі жанып тұр. Мүмкін олардың кәсіби футболшы боламын деген армандары болған шығар, бірақ ол арманды іске жеткізетін мүмкіндіктер болмады. Олардың қалаларында, ауылдарында команда жоқ. Ол ауылға ешкім барып, зерттеп қарамайды, мұнда таланттар бар шығар деп. Біз осы жобаны жасап, мүмкіндік беріп отырмыз.

Марина Абдулла


Хабарламаларға жазылу