Мектеп бар, мұғалім жоқ. Қазақстанның білім саласындағы кадр тапшылығы өзекті мәселеге айналды. Бүгінде еліміз бойынша 3 мыңнан астам ұстаздың орны бос тұр. Мұғалім жетіспегендіктен мектеп басшылары зейнеткерлермен келісім-шартты жылдан жылға созуға мәжбүр. Тіпті дипломын алмаған болашақ мұғалімдерді де жұмысқа шақырады.
Елордадағы 2-ші мектепті директоры Сырым Ботаханұлы оқу маусымы аяқталса да жұмыста отыр. Ол күзге дейін кадр мәселесін шешу керек. Қазір оның ұжымынында 107 мұғалім еңбек етеді. Олардан бөлек тағы 12 ұстаз сырттан келіп қосымша сабақ береді. Себебі, маман тапшы.
Сырым Ботаханұлы, Ғ.Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназия директоры:
Мұғалімдер жетіспеушілігі бұл бұрыннан келе жатқан проблема. Біздің мектебімізде орыс тілі мұғалімдері, сонымен қатар орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі және бастауыш сыныптардың орыс сыныптарында беретін мұғалімдер. Бұл тек Нұр-Сұлтан қаласы ғана емес, Жалпы Қазақстан бойынша үлкен бір проблема.
Білім саласындағы кадр тапшылығы өңірлерде, оның ішінде шалғай ауылдарда қатты байқалады. Математика, химия, физика пәнінің мұғалімдерін табу қиын. Тәжірбиелі маманға сұраныс тіпті жоғары. Ғалым Қалматаев физикадан 29 жыл бойы сабақ беріп жүр. Ер мұғалімдерге қызметтік баспана беріледі деген соң Өскеменге Күршім ауданынан көшіп келген. Бірақ, баспанасын әлі алмапты.
Ғалым Қалматаев, физика пәнінің мұғалімі:
Ия, ол бағдарламамен үй алуға болады, еңбек өтіліңіз бар екен, ер мұғалім екенсіз деген соң көшіп келдік ауылдан. Сонымен, міне 1 айдан соң 1 жыл болады, әлі де белгісіз болып тұр.
Қазақстанда 7 мыңнан астам мектеп бар. Ал пән мұғалімдердің жалпы саны 338 мыңға жуық. Оқу-ағарту министрлігі ел бойынша 3 мыңнан астам мұғалім жетпейтінін біліп отыр.
Айман Дүйсембаева, ҚР Оқу-ағарту министрлігі басқарма басшысы:
Енді бұны үлкен проблема деп айта алмаймыз,себебі жыл сайын бізде демография өсіп келе жатыр, оған байланысты мектеп ашылады көптеп. Соған жас мамандар керек Мысалы бізде қазір жоспар жасалынып қойды, осы 5 жыл ішінде 1000 мектепке 111 мыңдай мұғалім, яғни жоғары оқу орны бар және колледждер бар , соларды дайындап жатыр мұғалімдерді бізге.
Бүгінде елімізде 160 мың студент педагогикалық мамандық бойынша білім алып жатыр. Тек биыл мұғалімдерді дайындау үшін биыл университеттерге 16 мың грант берілді. Жыл сайын колледжге ұстаздық жолын таңдап оқуға түсетін 20 мың студенттің 60 пайызы да грантқа ие болады. Олардың кейін жұмысқа тұру көрсеткіштері де жақсы.
Ержан Әмірбекұлы, ҚР Ғылым және жоғары Білім министрлігі департамент директорының орынбасары:
Қазіргі таңда педагогикалық мамандардың жұмысқа орналасу көрсеткіші 72 пайызға жуық. Оның ішінде, нақты мемлекеттік тапсырыспен оқып жатқандардың жұмысқа орналасу көрсеткіші 88 пайыздан астам.
Жалпы, 10 жылда білім саласын қаржыландыру 3 есе өсті. 1500 заманауй мектеп салынды. 180 колледж 48 млрд теңгеге заманауй оқу-құралдарымен жабдықталды. Соңғы 3 жылда ұстаздардың орташа жалақысы 2,5 есе өсті.
Динара Нөкетаева, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
Алайда білім сапасында айтарлықтай ілгерлеу байқалмай тұр. мәселен, соңғы 5 жылда ҰБТ орташа балы 14 пайызға төмендеп, 69 пайызды құрады. Мектептерде 3,7 мың педагог жетіспеуде.
Таяуда елімізде мұғалімдер тапшылығы бар және білім сапасы нашар өңірлерге үздік педагогтерді тарту бойынша арнайы бағдарлама басталды. Атырау, Маңғыстау, Алматы және Түркістан облысына баратындарға790 мың теңге дейін жалақы төленбек. Бұл ақшаның 140 мыңы қоммуналдық шығандарға берілсе, қалғаны мұғалімнің өз жалақысы болмақ. Жаңа жоба мұғалім тапшылығын шешуге қалай көмектесетінін уақыт көрсетеді.
Берік Көшербай