Павлодар қаласында 6 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар қаласында 6 мектеп жаңа оқу жылына дайын емес

24.08.2021

Павлодар қаласында 6 бірдей мектеп қыркүйекте оқушыларды қабылдауға дайын емес. «Заманауи мектеп» бағдарламасы бойынша білім ошақтарын жөндеуге 4 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бірақ мердігер фирмалар жұмысты аяқтап үлгерер емес. Осыған байланысты оқушылар жақын маңдағы білім ошақтарына барып, сол жақта үшінші ауысымда оқиды. Оның үстіне аймақта мұғалім тапшы. 60-қа жуық маманның орны бос тұр. Шалғай ауылдарды айтпағанда, Павлодардың мектептеріне 19 педагог жетіспейді. Ал, оқушылар саны былтырғыға қарағанда 3 мыңға көп. Жаңа оқу жылында барлығы 114 мыңнан астам оқушы мектепке барады.

Болат Аманбаев

Хабарламаларға жазылу