Қазақстанда мұғалімдер мен құрылысшылар жетіспейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстанда мұғалімдер мен құрылысшылар жетіспейді

10.10.2022

Электронды еңбек биржасында сұраныстағы мамандықтар айтылды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, өткен айда биржада 115 мыңнан астам бос жұмыс орыны ұсынылған. Оның 30 мыңдайы білім саласына тиесілі. Сұраныстағы маман – мұғалім, әсіресе Қарағанды мен Алматыда жетіспейді. Екі өңірге үш мыңдай педагог қажет. Сондай-ақ 6 мыңнан астам құрылысшы және өндіріс орындарына бес мыңнан астам жұмысшы жетіспейді.

Досжан Маратұлы


Хабарламаларға жазылу