Орал қаласы: Ашық терезе алдында тұрған бала құтқарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Орал қаласы: Ашық терезе алдында тұрған бала құтқарылды

22.06.2022

Оралда сегізінші қабаттағы пәтердің ашық терезесінің алдында тұрған 2 жасар сәби құтқарылды. Оны көршісі көріп қалып, 112 қызметіне хабарласқан. Құтқарушылар есікті ашуға оқталғанда, бала қорқып жылап, қайта-қайта терезеге қарай жүгірген. Сол себепті олар шатыр арқылы үйдің терезесінен кіреді. Пәтерде сәби жалғыз болған. Бір қызығы, ол анасы келгенше көршісіне де бармай, құтқарушының қолынан түспеген. Полицейлер баланың анасымен түсіндірме жұмысын жүргізді.

Ардақ Мұратқызы


Хабарламаларға жазылу