Елімізде 140 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде 140 мың гектар жер мемлекетке қайтарылды

22.06.2022

Қарағанды, Жамбыл және Түркістан облыстарында 140 мың гектардан астам жайылым жер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асқан. Саяси ұйымның жанынан құрылған «Жер аманаты» комиссиясының өкілдері осылай деп мәлімдеді.

17 өңірде аумақтық комиссия құру жоспарланып отыр. Тұрғындар тарапынан шағымдар қабылданатын болады. «Жерді халыққа қайтарып беру арқылы ауыл шаруашылығымен айналысқысы келетіндерге мүмкіндік жасалып, салаға тың серпін беріледі», – дейді комиссия мүшелері.

«Жер аманаты» комиссиясының құрамында Мәжіліс депутаттары, Бас прокуратура, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері, бірқатар қоғам қайраткері мен блогерлер бар. 

Дәулет Кәрібек, «AMANAT» партиясының хатшысы, «Жер аманаты» комиссиясының төрағасы:

 Біз алдағы уақытта келіп түскен арыз, талап, тілектер бойынша барлық аймаққа шығамыз. 

Хабарламаларға жазылу