Елордада «Ізгілік жаршысы» республикалық форумы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада «Ізгілік жаршысы» республикалық форумы өтті

21.06.2022

Асыл дінімізде ақпарат таратудың өзіндік әдебі мен мәдениеті бар. Шариғат бойынша жалған жаңалық таратуға болмайды. Сондықта, әр адам сөзіне, ісіне және әлеуметтік желіде жариялаған жазбасына мұқият болуы тиіс. Әсіресе дін мәселесін қозғаған кезде.

Бұл тақырып Елордада өткен «Ізгілік жаршысы» республикалық форумында талқыланды. Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы ұйымдастырған шарада журналистер бас қосты. Діни журналистиканың ақпарат айдынындағы орны, жалған діни ұрандардан сақтану жолдары тақырыбында баяндама жасалды. Жаңа медианың жаңалықтары, шынайы ақпаратты анықтау тәсілдері талқыланды. 

Наурызбай Қажы Тағанұлы, Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти:

Дін маманы емес адамдардың ақпараты немесе дін маманы, бірақ біздің еліміздегі дәстүрлі исламды ұстанбайтын адамдардың да ақпараты кейде тарап жатады. Осы таңда өзіміздің тұтастығымыз, халықтың бірлігі үшін біздің ата-баба ұстанған дәстүрлі исламды кеңінен түсініп және оны елге кеңінен насихаттауымыз керек.

Хабарламаларға жазылу