Атырауда төбелесіне қатысты 30 адам ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда төбелесіне қатысты 30 адам ұсталды

20.06.2022

Атырауда жанкүйерлер арасында жанжал болып, 30 адам ұсталды.

Кеше футболдан ел біріншілігінің ХІV туры аясында «Атырау» мен «Ақтөбе» командалары кездескен. Ойын басталғанға дейін стадионға жиналғандар төбелесіп қалды. Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбада атысқа ұқсас дауыс тарс естіледі. Бұрақ мұны полицейлер қару емес, дыбыстық петардалар деп отыр. Жарақат алғандар жоқ.

Қазір қоғамдық орында құқық бұзғандарға қатысты тексеріс басталды. Тиісті іс-құжаттары жинақталып жатыр.

Хабарламаларға жазылу