Атырауда 1 тонна бекірені заңсыз тасымалдағандар ұсталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырауда 1 тонна бекірені заңсыз тасымалдағандар ұсталды

23.09.2020

Атырауда 1 тонна бекіре балығын Орал қаласына заңсыз тасымалдамақшы болған Батыс Қазақстан облысының екі тұрғыны ұсталды. Полиция департаментінің қызметкерлері, Toyota Land Cruiser көлігін тексеру барысында жүксалғышынан 345 дана бекіре мен 200 грамм қара уылдырық тапқан. Бүгінде аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. 

Жандос Темірғали

Хабарламаларға жазылу