Оқыс оқиға: Теміртаудағы "АрселорМиттал" кәсіпорнында тағы бір адам қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оқыс оқиға: Теміртаудағы "АрселорМиттал" кәсіпорнында тағы бір адам қайтыс болды

19.06.2022

Теміртаудағы "АрселорМиттал" кәсіпорнында тағы бір адам қайтыс болды. Ол кәсіпорынға сервистік қызмет көрсететін компанияда жұмыс істеген. Қазандықтардың бірін жөндеу кезінде биіктен құлап, көз жұмды. Естеріңізге сала кетейін 1 апта бұрын дәл осы нысанда ескі пешті бұзып жатқанда төбесі опырылып түсіп, 4 адам қаза тапқан, тағы біреуі ауыр жарақаттармен ауруғанаға жеткізілген. Екі жағдай бойынша да қылмыстық іс қозғалып, арнайы құрылған комиссия жұмыс істеп жатыр. Былтыр ғана осы компанияға қарасты кәсіпорындарда 45 адам зардап шегіп, 9 адам мерт болған. Ал, белсенділер қауіптілігі жоғары нысандарға қоғам мен мемлекет тарапынан бақылауды арттырмасақ мұндай оқиғалар қайталана береді деп дабыл қағып отыр. 

Азаматхан Әміртай, эколог, қоғам белсендісі:

Ескі техника жұмыс жасайды, ескі крандар жұмыс жасайды, ескі технология жұмыс жасайды. Әрине олардың бәрі апат алдында тұрған заттар. Бұлар өзіндік құнын көтеріп жібермей пайда табу үшін минималды түрде реинфестиция ждасайдыы, қаржыландырады. Өндірістік мәселелерді, қауіпсіздік стандарттарды қалыптастырмағандықтан болып жатыр. Яғни сол зауыттың қожайыны былай айтқанда сараң бәрі. Салғылары келмейді.


Хабарламаларға жазылу