Алматыда Анталияға бағыт алған ұшақтың кешігу себебі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыда Анталияға бағыт алған ұшақтың кешігу себебі анықталды

18.06.2022

Алматыда Анталияға бағыт алған рейстің 200-ден аса жолаушысы ұша алмай, әуежайда бірнеше сағаттап күтуге мәжбүр болған.

Оған себеп – Air Astana әуе компаниясы ұшағының кешігуі. Рейс таңғы сағат 9.40-та орындалуы тиіс болған. Әуе компаниясы баспасөз қызметінің хабарлауынша, жолаушыларға ыстық тамақ пен сусын берілген. Ұшу қауіпсіздігін сақтау мақсатында осындай әрекетке баруға мәжбүрміз деді олар. Ұшақ 7 жарым сағаттай кешігіп ұшқан.

Тілек Әбдірақымов, «AIR ASTANA» әуе компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері:

Ұшақ фюзеляжына бұған дейінгі рейстер орындау кезінде зақым келген. Зақымды бағалау және жою жұмыстары жүргізілді. Рейс таңғы 9.40-та аттануы тиіс еді. Оған 209 жолаушы тіркелген.


Хабарламаларға жазылу