Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың себебі анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматы маңында апатқа ұшыраған ұшақтың себебі анықталды

14.05.2019

Екі жыл бұрын екі адам қаза тапқан әуе апатының себебі анықталды. Tecnam 2002 оқу ұшағы қатты жел салдарынан биікке көтеріле алмай құлап, артынан өртке оранған. «Алдын ала ауа райы болжамымен таныс болғанда мұндай қайғылы оқиға болмас еді»,-дейді мамандар.

Алайда, оның арты қозғалтқыш қуатының уақытша жоғалуына соқтырып, техника істен шығыпты. Негізі қайғылы оқиға тіркелген Алматы облысындағы Азем әуе айлағында оқу-жаттығу өткізуге тіптен болмайды екен. Ол жер тек тәжірибелі ұшқыштарға арналған. Осылайша немқұрайлықтың кесірінен ұшқыш-нұсқаушы мен курсанттың өмірі қиылған.

Нұрлан Жұмасұлтанов, Авиациялық және оқыс оқиғаларды тексеру басқармасының басшысы:

- Training Center Part-FCL авиациялық оқу орталығы көптеген кемшіліктер жіберген. Талаптарды сақтамаған. Алдын ала әуе кемесі командирі-ұшқышы ретіндегі дайындық мүлдем жүргізілмеген. Бұл туралы журналда деректердің бұрмаланғаны анықталды. Әуе кемесін пайдаланушылар метеорологиялық мәлімет алмай шыққан. Яғни, сол күні жел күшті болған соң, оқу-жаттығуы мүлдем өтпеуі тиіс еді.

Нысаналы ЫҒЫЛ

Хабарламаларға жазылу