Украинаның Севердонецк қаласынан 12 мыңдай адам шыға алмай жатыр.
Айта кетейік, Ресей армиясы бұл қаланың 80 пайызын басып алған.
Жергілікті әскер қару тастау туралы ультиматумды орындаудан бас тартып, қарсылықты тоқтатқан жоқ. Біріккен Ұлтттар Ұйымының мәліметінше, Севердонецк халқы ауыз су мен электр қуаты тапшылығынан және санитарлық жағдайдың нашарлауынан зардап шегіп отыр.
Северодонецк пен оған көршілес Лисичанск - Луганск облысында Мәскеудің бақылауына өтпеген соңғы территориялар. Бұған қоса, Ресей Херсон облысын түгелдей және Запорожье аймағының айтарлықтай бөлігін жаулап алды. Оларды азат ету үшін Украина үкіметі өткен тәулікте Батыстан тағы да тезірек қару жіберуді сұрады.
АҚШ КИЕВКЕ 1 МЛРД ДОЛЛАРДЫҢ КӨМЕГІН БЕРЕДІ
Сәрсенбі күні белгілі болғандай, АҚШ Киевке 1 миллиард долларға көмек көрсетуге уәде берді. Оның ішінде кемеге қарсы зымыран жүйелері, артиллериялық ракеталар және гаубицалар мен 36 мыңдай снаряд бар. Бұған қоса, әлемнің тағы 50-ге таяу мемлекеті Украинаға әскери жәрдем жөнелту мәселелерін талқылап жатыр.