Ресей әскері Украинаның шығысындағы Северодонецкте соңғы көпірді жойды. Осылайша, қаладан халықты эвакуациялайтын жол жабылды.
Кейбір бақылаушылардың ойынша, Северодонецк екінші Мариупольға айналуы мүмкін. Өйткені, ондағы «Азот» зауытына бекінген жүздеген адам шыға алмай жатыр. Бұған қоса, қаланы қорғап тұрған украиналық жауынгерлер қоршауға түсуі ықтимал. Луганск облысының губернаторы Сергей Гайдайдың мәлімдеуінше, украин жауынгерлері Северодонецктің 30 пайызын әлі ұстап тұр.
Айта кетсек, Ресей әскері бұл қала мен көршілес Лисичанскті алып, Луганск облысын толық жаулауды жоспарлап отыр. Президент Владимир Зеленскийдің айтуынша, Украина қарулы күштері ақпанның 24-нен бері мыңнан астам елді мекенді ресейліктерден азат етті.
Тағы бір сөзінде Зеленский барлық оккупацияланған территориялар мен Қырымды қайтаруға уәде берді