Аймақтардағы сайлау комиссияларының өкілдері семинарға қатысты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Аймақтардағы сайлау комиссияларының өкілдері семинарға қатысты

13.06.2022

Қазақстандағы сайлау процесі: теория және тәжірибе. Елордада осы тақырыпта еліміздегі сайлау комиссияларының өкілдерін оқыту курстары басталды. Үш күнге созылатын іс-шараға 60 адам қатысып жатыр.

Алғашқы басқосуға Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров қатысып, баяндама жасады. Қатысушылар сайлау заңнамасын жетілдіру мен азаматтардың таңдау жасау тетіктерін қамтамасыз ету бойынша тәжірибелерімен бөлісіп, ой-пікірлерімен алмасады.

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы алдағы уақытта саяси партиялар, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының, сонымен қатар БАҚ өкілдері үшін де осындай семинарлар ұйымдастурды көздеп отыр.

Думан Жампейісов, Электоралды оқыту орталығы басшысының орынбасары:
Бұл жерде ОСК мүшелері, орталық мемелкеттік атқарушы органдар бар, бірқатар жаттықтырушы, дәріс берушілер бар осылардың барлығы Сайлау комиссияларының басшылары мен мүшелерінің білімдерін, құзіреттілігін жетілдіруге көмектеседі.
 Жармағамбет Айтуаров, Маңғыстау облыстық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:
Жаңа Қазақстанға қадам басып жатсақ сайлау процесстерінде де түрлі заңды өзгерістер болады. Мінеки, біз бүгін алған теориялық білімімізді практикаға ұштастырып, өзімізден кейінгі жергілікті жердегі жұмыс жасайтын әріпетстерімізге көп нәрсені үйретуіміз керек, айтуымыз керек.


Хабарламаларға жазылу