Шымкентте ерікті жастар тәртіп сақшыларына көмектеседі

07.08.2014
Шымкентте  ерікті жастар тәртіп сақшыларына көмектеседі

Шымкентте болашақ заңгерлер мен құқық қорғаушы студенттер қыркүйектен бастап,  жол-патрульдік полициясына көмектесетін болады.

Олар арнайы полицияларды дайындайтын орталықта дәріс алып, тәжірибеден өтті.

Бүгін осындай 100-ден аса ерікті жасқа тиісті сертификаттар салтанатты түрде табысталды.

Дайындық кезінде олар қоғамдық тәртіпті бақылап, заңбұзушылықтардың алдын алуды үйренді. Тәртіп сақшылары жұмысының  қыр-сырын меңгергендер сапта тұру мен  өзін-өзі қорғау қимылдарын пысықтады.

Еріктілер енді күзде өз қызметтеріне кіріскен кезде ай сайын 18 мың теңге көлемінде тұрақты жалақы да алатын болады.

Осылайша, өздерінің әлеуметтік жағдайын да жақсартады.

Жалпы,  бұл жоба қоғамдағы   құқықбұзушылық пен бұзақылықтың алдын алу, көпшілік жүретін жерлерде  тәртіп орнатуды көздейді. 

Ерлан Айтбаев, облыстық Жастар орталығының директоры:

Алғашқы медициналық жәрдем қалай көрсетіледі, қандай Заңдар бар, орталық саябақта қандай заңбұзушылықтар болады, оған қандай шара  қолданылады? Үш күндік оқу-семинары осы туралы өтті. 1-қыркүйектен бастап, жастар Шымкент қаласында жол-патрульдік полициясы жанында жұмыс істейтін болады.

Айнұр АҚБАЕВА

Хабарламаларға жазылу