Ал қараша жалғыз «топылиын» жауыннан аяп, жалаң аяқ жүре бере ме?! Маңғыстау облысында әскери борышын өтеп жүріп, бақилық болған сарбаз Еділ Тешебаевтың туыстары жігіттің өз өзіне қол салғанына сенбейді. Олар сарбаздың қайғылы оқиға алдында жазғаны деп жарияланған хаттарға да күмәнмен қарайды. Туыстарының айтуынша, мәйітті ашу кезінде оның асқазаны да бос болған. Сондықтан, оны әскери бөлімде аш ұстап, қинаған болуы мүмкін деген ойда.
Әскери бөлімдегілер 19 жастағы сарбаз асылып, қайтыс болғанын айтқан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі суицидтің себебі әскери қызметке байланысты емес, отбасылық-тұрмыстық проблемаларға қатысты деп хабар таратқан. Алайда, сарбаздың туыстары әділ тергеуді талап етіп отыр.
Бұл оқиғаға қатысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің хатшысына тыңғылықты тексеру жүргізуді тапсырды. Арнайы комиссия құруды міндеттеп, әскери қызметшілер арасында келешекте мұндай оқиғалар қайталанбауы үшін жүйелі жұмыс істеуді жүктеді. Айта кетейік, жыл басынан бері үшінші сарбаздың денесі әскерден табытпен оралған.