Ақтөбе: Қаңғыбастардың атына кәсіпкерлік нысандары тіркелген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе: Қаңғыбастардың атына кәсіпкерлік нысандары тіркелген

10.06.2022

Ақтөбеде үй-күйі жоқ 14 адамның атына бірнеше серіктестік пен компания тіркелгені анықталды. Ал, әлеуметтік орталық қызметкерлері бұл жағдайдан бейхабар болып шықты.

Прокурорлар анықтағандай, орталықта тұрып жатқандар өз аттарына тіркелген бизнес нысандарына ешқандай қатысы жоқ екенін айтқан. Олардың үшеуі бірінші және екінші топтағы мүгедек. Бұл компаниялардың бір жылдық тауар айналымы 800 миллион теңге болған. Қазір тексеру жүріп жатыр. Аталған жайт, азаматтардың біріне мүгедектігі туралы құжат рәсімдеу барысында анықталған.

Тархан Зәкарин, Алматы ауданы прокуратурасының бөлім прокуроры:

«Сыртынан қазіргі таңда белгісіз кім ашқандығы. Экономикалық тергеу департаментімен барлық шаралар қабылданып, тиісті жұмыстар жүргізіледі. Бұған дейін хабар берген сол орталықтың басшылары болатын. Олар да бейхабар, кейбір тұлғаларға айтып бірінші, екінші топ мүгедектігі бар адамдарға құжат рәсәімдегенде осы фактілерді анықтап, бізге хабарлаған болатын».


Хабарламаларға жазылу