Қарағандыда 100-ден астам кәсіпкерлік нысан санитарлық талаптарды бұзған

10.09.2020

Қарағандыда мобильдік топ мүшелері мен полицейлер кеншілер қаласының Қазыбек би ауданы бойынша 1300-ден аса кәсіпкерлік нысанды аралап, 108 заңбұзушылықты анықтады. Тосыннан тексеріс кезінде көп жерде дене қызуын өлшейтін тепловизор болғанымен, оны қолданбайтыны әшкереленді. Сондай-ақ, дүкендердің, көлік жөндеу және жуу орындарының, тағы да басқа кәсіпкерлік нысандардың шектеулі күн тәртібінен асыра жұмыс істеу деректері де тіркелген. Ал кейбірінде санитарлық тазалық жүргізу бойынша журнал кестесі соңғы рет маусым айының ортасында толтырылған. 

Әсем Қасенова, мобильдік топ мүшесі:

- Осындай олқылықтар жіберген мекемелер, кәсіпкерлік нысандары 425-бап бойынша 230 АЕК көлемінде айыппұл төлейді. Бүгінгі кемшілік анықталған нысандар бойынша арнайы хаттама толтырылып, арнайы органдардың қарауына жіберіледі.


Руслан Нұрланұлы


Хабарламаларға жазылу