17 жасқа кәсіпкерлік үшін аудан әкімінің гранты берілді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

17 жасқа кәсіпкерлік үшін аудан әкімінің гранты берілді

12.12.2019

Қарағанды облысының Нұра ауданында биыл 17 жасқа кәсіпкерлік үшін аудан әкімінің гранты берілді. Тағы екі азамат облыс әкімінің 1 миллион теңге грантын жеңіп алған. Соның арқасында бұрын-соңды болмаған химиялық тазалау орталығы, темір есіктер және жиһаз жасайтын цех, шахмат клубы, жарнама студиясы сияқты шағын бизнес нысандары пайда болды. Бұған қоса шаштараз, тігін цехы сынды кәсіптерді де ашқан. Ал, мемлекеттік қолдауға ие болған жастар кәсіпкерлік негізін меңгеру үшін арнайы оқу курсынан өткен. Өз ісін дөңгелетіп отырғандардың бірі - Анастасия Калаева. Оның тігін цехы сапалы қызметімен аз уақытта-ақ тұрғындардың көңілінен шыққан.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Хабарламаларға жазылу