Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылы қоқыстың ортасында қалды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылы қоқыстың ортасында қалды

09.06.2022

Маңғыстау облысында Жаңаөзен қаласына қарасты Теңге ауылы тау болып үйілген қоқыстың ортасында қалды. Бір айдан бері елді-мекеннен тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылмай жатыр. Өйткені, коммуналдық мекеменің жұмысшылары еңбек дауымен жұмысқа шықпай қалған. Мәселенің мән-жайын Аягөз Оралбайқызы тарқатып айтады.

Аягөз Оралбайқызы, тілші:

Теңге ауылы Жаңаөзен қаласының іргесінде орналасқан. 18 мыңға жуық тұрғыны бар. Елді-мекенде тұрмыстық қатты қалдықтар ауылдың 2 шетіне үйіледі, ол жерден коммуналдық мекеме жинап, полигонға алып кетеді екен. Алайда 1 айдан бері қызмет көрсетілмеген. Салдарынан тұрғындар шіріген қалдықтардың ортасында отыр.

Таңсұлу Назарованың үйі қоқыс тастайтын аумаққа тиіп тұр. Күн ысығалы тұрмыстық қалдықтар иістеніп, жұрт терезелерін аша алмай отыр. Оның үстіне шыбын-шіркей көбейген.

Таңсұлу Назарова, Теңге ауылының тұрғыны:

Мусор қалдық үйіміздің алдына төгіліп жатқан. Жан-жақтан көп тастаған кезде лезде жиналады. Осылай көбінесе толық жатады. Ыңғайсыз маған үйімінің алдынан, жел болса үйге қарай ұшады. Мына иісі бәрін көріп тұрсың енді өзіңіз.

Тұрғындар қалдықтар бұлай жата берсе, жұқпалы ауру тарайды деп үрейленіп отыр. Сондықтан мәселені тез арада шешуді сұрайды.

Алдаберді Әлімбаев, Теңге ауылының тұрғыны:

Иіс шығады. Оның үстіне кейбір кезде өртеп жібереді. Шіріп кетеді. Менің ойымша, өте қауіпті себебі бұл, ит құс келеді. Бұл желмен ұшады. Халыққа денсаулығына өте қауіпті деп есептеймін.осыны тез мәселесін шешсе екен.

Ауылда санитарлық тазалық және қоқыс мәселесі өзекті. Елді-мекенде 60-тай көше бар. Олардың тазаланбағанына 2 ай болған. Себебі, тендерге қатысқан мекемелер өзара шағымданып, көшені кімнің тазалайтыны сокүйі анықталмаған. Ал, қоқысты шығаратын жеке серіктестіктен жұмысшылар жалақысын даулап жүр.

Гүлнәр Айбергенова, жұмысшы:

Айлығымыз 70мың 80 мың айлық еді. Больницалар қарамайды ауырып барсақ қарамайды договорда жоқсың деп та мекемемен. Тіпті орындап жатқан жоқ біреуі де орындалып жатқан жоқ. Бүгін міне таңертең жировкілерімізді алдық. Қалай болса солай шығарған.

Коммуналдық серіктестіктің директоры жұмысшылардың наразылығы орынсыз дейді. Себебі, бір ай бұрын ғана олардың талабын орындап, жалақыға 30 мың мен 70 мың теңге көлемінде ақша қосылыпты.

Серік Қартанбаев, Коммуналдық серіктестіктің директоры:

Әрқайсысының қолдарына алатын ақшалары айтылған, жалпы сомасы. Енді ол кісілер сұрап отқаны қосымша агрегатқа жанағы қосалқы неге ақша төлеңдер деп соны талап етіп отыр. Енді жиналыс, келісім сөздер арқылы бәрі заң аясында жүзеге асады ғой.

Коммуналдлық мекемеде 200 ден астам адам еңбек етеді. Айта кететін жәйт, мекеменің жұмысшылары бұған дейін де жалақы көтеруді талап етіп, 40 күндей жұмысты тоқтатқан. Қызмет көрсететін мекемеге тұрғындардың уақтылы ақша төлемеуі де жағдайды ушықтырып отыр. Теңгеліктердің жалпы қарызы 15 млн теңгеге жуықтаған.


Хабарламаларға жазылу