Жеңілдетілген ипотека: 21 қаладан үй алуға болады
Елімізде даму әлеуеті төмен, халық жаппай көшіп жатқан елдімекендердің тұрғындарына арналған ипотека жайлы тың мәліметтер белгілі болды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хабарлауынша бағдарлама Алтай, Арқалық, Жаңатас, Жаңаөзен, Қаражал, Курчатов және Құлсары секілді 7 шағын қала тұрғындарына арналған. Егер олар ерікті түрде Атырау, Семей, Өскемен, Риддер, Шемонаиха, Зайсан, Шар, Тараз, Қарағанды секілді тізімдегі 21 қалаға ерікті түрде қоныс аударса, баспананы жеңілдетілген ипотекамен ала алады. Алғашқы жарна 10 пайыз, мөлшерлеме 5 процент. Десе де жыл сайын 11 миллиард теңге бөлінетін бағдарламаның қашан басталатыны әзірге белгісіз. Қазір отбасы банкі жергілікті әкімдіктермен осы бағытта жұмыс істеп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы басталды
18.04.2026, 20:05
Қызылордада инновациялық жобалар байқауы өтті
18.04.2026, 20:05
«Таза Қазақстан» акциясы аясында әке мен бала ағаш отырғызды
18.04.2026, 20:04
«Mamma Mia!» музыкалық спектаклі өтті
18.04.2026, 20:04
Ақтауда «Тегін заң көмегі» акциясы өтті
18.04.2026, 20:04
Қажылық сапар ұйымдастырамын деп 7,4 млн теңгені жымқырған ер адам сотталды
18.04.2026, 20:04
Ормұз бұғазы қайта жабылды
18.04.2026, 20:04
Трамп НАТО-ны сынға алды
18.04.2026, 20:04