Қызылорда облысында аурухана қызметкерлері 14 млн теңге жымқырған
Қызылордадағы Жаңақорған аудандық ауруханасының есепшілері бірнеше жыл бойы мемлекет қаржысын жымқырып келген. Аудиторлық тексеру кезінде олардың емдеу мекемесіне 14 миллион теңге залал келтіргені анықталды. Бұрынғы есепшілер аурухана қызметкерлермен өзара келісіп іс-сапар рәсімдеп, ешқайда бармаса да жалған құжат арқылы ақша аударып отырған.
Аймақтағы қаржылық мониторинг агенттігінің өкілдері есепшілердің 2015-2019 жылдар аралығында жасаған заңсыз әрекеттерін әшкерелеп, іс сотқа жіберілген. Енді олардың кінәсі дәлелденіп, Сатыбалдиева мен Шомантаеваға 7 жылға, ал үшінші тұлға Бурисбаевқа 2 жылға сотталды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Елена Рыбакина US Open финалына жолдама алды
11.09.2026, 10:13
SuperStar KZ: Алғашқы шығарылым жоғары рейтинг жинады
11.09.2026, 10:03
Қостанайлық жастар ұлттық құндылықтарды заманауи контент арқылы дәріптеп жүр
11.09.2026, 10:02
Жаңа орфографиялық сөздік әзірленеді
11.09.2026, 10:00
Нью-Делиде БРИКС саммиті қарсаңында қауіпсіздік күшейтілді
11.09.2026, 09:59
Ресейде санкция салдарынан ірі кәсіпорындар жабылып жатыр
11.09.2026, 09:56
Алматыда қаржы технологиялары мен цифрлық экономиканың келешегі талқыланады
11.09.2026, 09:56
eGov атынан жасалатын алаяқтық көбейген
11.09.2026, 09:54