Ақтөбе облысында қараусыз қалған үш бала суға кетті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақтөбе облысында қараусыз қалған үш бала суға кетті

07.06.2022

Ақтөбе облысында үлкендердің қарауынсыз қалған үш бала суға батып, көз жұмды.

Оқиға Ырғыз ауданы, Ақши ауылында болған. Балалардың мүрдесі елді мекеннен бір шақырым жердегі өзеннен табылған. 4 және 5 жастағы қыздар – бір отбасының балалары. Тағы бірі – ер бала. Олардың қасында болған төртінші бала ауылдан көмек сұрауға асыққан. Алайда үлкендер дер кезінде жетіп үлгермеген.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары тұрғындардан әсіресе, өзен-көлдердің жанында балаларды көзден таса етпеу керектігін ескертеді.


Хабарламаларға жазылу