Ата заңның 83-бабына қосымша жаңадан 1 бап қосылады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ата заңның 83-бабына қосымша жаңадан 1 бап қосылады

06.06.2022

Ата заңның 83-бабына қосымша жаңадан 1 бап қосылады. Бұл – Адам құқықтары жөніндегі уәкілге қатысты. Ұсынылған нұсқаға сәйкес, омбудсмен азаматтардың бұзылған құқығы мен бостандығын қалпына келтіруге көмектеседі. Құқықтары мен бостандықтарын ілгерілетуге ықпал етеді.

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде тәуелсіз және мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдарға есеп бермейді. Сонымен қатар оны өкілеттігі мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленетін әкімшілік жазалау шараларын қолдануға болмайды. Қылмыс үстінде ұсталу мен ауыр қылмыстар жасауды қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартылмайды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайы мен қызметін ұйымдастыру конституциялық заңмен белгіленеді.


Хабарламаларға жазылу