Елорда іргесіндегі Қоянды ауылында екі сайлау учаскесі таңғы 7-ден бастап жұмыс істеп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылында екі сайлау учаскесі таңғы 7-ден бастап жұмыс істеп жатыр

05.06.2022

Елорда іргесіндегі ауыл тұрғындары да референдумге белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.

Азамат Бейбітұлы, тілші:

Қоянды ауылында екі сайлау учаскесі таңғы 7-ден бастап жұмыс істеп жатыр.Мұнда жалпы, тұрғылықты мекен-жай тіркеуі бойынша 2983 адам дауыс беруге құқылы екен. Екі сайлау учаскесіне де тұрғындар өте белсенділікпен келіп,мерекелік көңіл күйде өз таңдауларын жасап жатыр.

Бір үйден бірнеше адам қатысып, бұл шара отбасылық мерекеге айналғандай. Әр азамат өзінің дауысы маңызды екенін сезініп, шараға үлкен жауапкершілікпен қарайды.

Азамат Бақытхан, ауыл тұрғыны:

Осы қоянды ауылында 20 жыл болды тұрғаныма. Семьяда 8 адамбыз, соның 18-ге толған 4-адамы жанұямызбен келіп, референдумға қатынасайық деп, бәр шаруамызды қайырып қойып осыған келіп отырмыз. Бәрі орнықты екен, қолымызды қойып жатырмыз, халқымыз осылай қызу қатысқанын тілейміән мен.

Учаскеде дауыс беру процессі барлық талаптарға сай жүргізіліп жатыр.

Айбек Есеев, Целиноград ауданы, Қоянды ауылының әкімі:

Комиссиялар жұмысын штаттық режимде атқарып тұр. Бақылаушылар бәрі орынды.Азаматтар келіп, өз таңдауын жасап, дауыс беріп жатыр.

Қоянды ауылындағы екі учаске кешкі сағат 20:00-ге дейін штаттық режимде жұмыс істейді.

Азамат Бейбітұлы


Хабарламаларға жазылу