Қонаев тұрғындары дауыс беріп жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қонаев тұрғындары дауыс беріп жатыр

20.11.2022

Қонаев қаласының тұрғындары да таң сәріден сайлау учаскілеріне келіп дауыс беріп жатыр. Олардың арасында кәмелет жасына толып, енді ғана өз таңдауын жасап жатқандар бар.

Нұрсұлтан Тілектес, тілші:

Біз қазір Қонаев қаласындағы мәдениет үйіндеміз. Нысан бүгін №949 сайлау участкесі ретінде таңғы сағат 7-ден дауыс берушілерге есігін айқара ашқан. Міне,өздеріңіз көріп тұрғандарыңыздай науқан басталды. Тұрғындан дауыс беріп жатыр. Бүгін облыста 606 сайлау учаскесі ашылса, соның 33-сі осы Қонаевта жүмыс істеп тұр. Қала бойынша сайлау комиссиясының 248 маманы қызмет етуде. Қауіпсіздік ережелері де ескерілген, әр участкеде полиция қызметкерлері кезекшілік етуде. 

Хабарламаларға жазылу