Оралдықтар да таңмен таласа учаскелерге келіп белсенді түрде дауыс бере бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Оралдықтар да таңмен таласа учаскелерге келіп белсенді түрде дауыс бере бастады

05.06.2022

Оралдықтар да таңмен таласа учаскелерге келіп белсенді түрде дауыс бере бастады. Облыста 505 референдум учаскесі жасақталған.

Ардақ Мұратқызы, тілші:

Қазір біз қалалық #1 мектепте тұрмыз. Мұнда #439-шы референдум учаскесі орналасқан. Біздегі сағат айырмашылығына орай көпшілік учаскеге енді-енді келіп, белсенділік танытып жатыр. Мұнда 2 мыңға жуық азамат дауыс бере алады. Ішінде жасы да, жасамысы да, белгілі танымал тұлғалар да бар. Жалпы өңірде 505 рфрндм учаскесі жасақталған. Онда 444 мың адам өз таңдауын жасай алады.

Ардақ Мұратқызы

Хабарламаларға жазылу