Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Павлодар облысында мемлекеттік қызметкерлердің кәсіпкерлікпен айналысқаны анықталды

05.05.2022

Павлодар облысында мемлекеттік қызметшілер кәсіпкерлікпен айналысқан. Мәселен, Баянауыл ауданында үш бірдей мекеме басшысы өз аттарына түрлі бизнес нысандарын ашып алған. Сөйтіп тендерлерге қатысып, бюджет қаражатын аударып отырған. Мәселен, аудандық білім беру бөлімінің мемлекеттік сатып алуға жауапты мамандары бірнеше мектеппен 4 млн теңгеден артық қаржыға келісім шарт жасасқан. Құзырлы орган тауармен қамтушы тараптың шенеуніктерге тиесілі екендігін айтып отыр. Шара қолдану үшін білім беру басқармасына хат жолданды.

Ерсұлтан Әмірханов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің аға офицері:

Есепші мамандардың екеуі де еңбек жолын енді бастаған жастар. Біреуі 1994 жылы туған, екіншісі 1999 жылғы қыз. Өскелең ұрпақтың мұндай қадамға барғаны бізді қатты қынжылтты. Сыбайлас жемқорлық осындайдан туындайды. Оған жол бермейміз.

Болат Аманбаев


Хабарламаларға жазылу