Мәмбет Қойгелді: Алаш автономиясының конституциялық негізі 1917 жылы қаланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мәмбет Қойгелді: Алаш автономиясының конституциялық негізі 1917 жылы қаланды

29.08.2014
Мәмбет Қойгелді: Алаш автономиясының конституциялық негізі 1917 жылы қаланды

Тар жол, тайғақ кешуде жүріп, мемлекет құруды көздеген алашордашылардың арманы – азаттық еді. Ал егемен елдің алдымен өз заңы болуы керек. Қазақ АКСР-нің алғашқы Конституциясы 1924 жылы қабылданды.

XX ғасырдың басында қазақ қоғамында конституциянализм мен парламентаризм идеялары қалыптаса бастады. Олардың авторлары - Әлихан Бөкейханұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Бақытжан Қаратаев, ағайынды Досмұхамедовтер болатын.

«1917 жылы болашақ Алаш автономиясының конституциялық негізі қаланды деп айтуға болады. Бұл жерде екі құжат бар. Біріншісі – 1917 жылы күзде өмірге келген «Алаш» партиясының бағдарламасы.  Екінші – 1917 жылы желтоқсан айында өткен II Жалпы қазақ съезінің Қаулысы»,- дейді тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелді.

Алашордашылар 1917 ақпан буржуазиялық төңкерісінен кейін Ресейдің құрамында «Алашорда» атты автономиялық ұлттық демократиялық мемлекет құруды көздеді. Автономия құру жөніндегі зиялылардың  көзқарастары және партия  бағдарламаларының жобасы 1917 жылы «Қазақ» газетінде «Алаш» деген атпен жарияланды.

Толығырақ «Таңшолпаннан» көре аласыздар.  

Хабарламаларға жазылу