«Айтуға оңайда» Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбы қозғалмақ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңайда» Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбы қозғалмақ

29.07.2015
«Айтуға оңайда» Қазақ хандығының 550 жылдығы тақырыбы қозғалмақ

1465 жылы тұңғыш рет Қазақ хандығы атты тәуелсіз мемлекет дүниеге келіп, бүгінгі біртұтас қазақ халқының негізі қаланды. Қазақ ордасы құрылғанда алдымен жасы үлкен Керей сұлтан ақ киізбен хан көтеріліп, кейін Жәнібек хан билік құрды.

Қазақ хандығының төрт ғасырға созылған шежіресінде жиырмадан астам хан билік құрған.

Ел билеген хандардың тағдырлары да сан қилы, билік құрудағы қабілеттері де әр деңгейде болды. Мемлекет іргесін нығайтып, туған халқының мәңгілік сүйіспеншілігіне бөленгендері де, елін тоздырғандары да жоқ емес.

Бірақ, олардың бәріне ортақ бір қасиет – өз замандарының қа­лып­тасқан жағдайларына байланысты қал-қадірінше хандық туын жықпауға тырысты.

Бүгін 21:05-те «Айтуға оңай...» хабарында қазақ тарихы, Қазақ хандығының құрылу кезеңі, қазақ хандары туралы сөз болмақ.

Хабарламаларға жазылу