Пәкістанда бір аптада бензин екі мәрте қымбаттады. Елдің қаржы министрі жұмадан бастап жанармай бағасы 17 пайызға өседі деп мәлімдегеннен кейін тұрғындар станцияларға тұра ұмтылған. Ұзын-сонар кезек түзілді.
Пәкістандықтар «жалақымыз өспейді, ал бензин бағасы шарықтап кетті» деп мәлімдеп, инфляция жағдайды одан сайын қиындататынына алаңдаушылық білдірді. Ал қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, бағаның өсуі бюджет тапшылығын бақылауға алуға және Халықаралық валюта қорынан қаражаттың бөлінуіне жағдай жасау үшін қажет.
Халықаралық орган Пәкістан отын субсидияларын қысқартса, елге 900 млн доллар қаржы бөлуге келіскен еді.