Қостанайда Конституция Күні жұма мен сенбі күндері тойланады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанайда Конституция Күні жұма мен сенбі күндері тойланады

28.08.2014
Қостанайда Конституция Күні жұма мен сенбі күндері тойланады

Конституция Күніне байланысты мерекелік шаралар 29-шы тамызда басталады. Облыс әкімі Нұралы Сәдуақасов мерекелік жиналыс өткізеді.

Сенбі күні «Елдіктің асыл тірегі – Ата Заң» атты шара өтеді. Сол кезде «Кедергісіз болашақ» автокеруені аяқталады. Естеріңізге сала кетейік, 25 тамыз күні мүмкіндігі шектеулі жандар қолмен басқарылатын автокөліктермен Қостанайдан шыққан болатын. 5 күннің ішінде олар Қостанай-Қорған-Түмен-Екатеринбург-Челябі-Троицк бағытымен жүріп өткен. Мереке күні оларды қала тұрғындары қарсы алып, құтықтайды.

Мерекелік шаралардан басқа қалада спорттық жарыстар да ұйымдастырылады. ҚР ІІМ Академиясында қоян-қолтық ұрыстан қала чемпионаты өтеді. Ал, шахмат клубында шахматтан қалалық турнир болады.

 

Хабарламаларға жазылу