Орта Азия мемлекеттері Ауғанстандағы жағдайға байланысты аймақта қауіпсіздік шараларын күшейтпек. Сондай-ақ, еліміз ауған еліне гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастырады. Бұл туралы Алматыда Еуроодақ пен Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан өкілдерінің кездесуінде айтылды. Жиында Ауғанстанға көрсетілетін қолдау жобалары талқыланды. Соның ішінде білім беру бағдарламаларына ден қойылып отыр. Атап айтсақ, Орта Азия елдері ауғанстандық студенттерге білім гранттарын көбірек бөлу жоспарланған. Ал Еуропалық одақ болса, бүгінде 23 мың ауған кәсіпкеріне қолдау көрсетіп отыр. Олардың дені - әйелдер.
Әлімхан Есенгелдиев, Қазақстанның Ауғанстандағы төтенше және өкілетті елшісі:
Біздің ұнның 60 проценті экспорты Ауғанстанға жіберіледі. Сол үшін гуманитарлық, экономика саласында қарым-қатынасты жалғастырып жатырмыз. Жаңа билік келгелі екі жоғары деңгейлі сапар өткіздік. Қазан айында гуманитарлық 5 мың тонна ұн алып келді.
Фариза Мұсақызы