Қазақстан агроөнеркәсіп кешені өнімдерін жеткізетін өңірлік хабқа айналуға мүмкіндігі мол - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан агроөнеркәсіп кешені өнімдерін жеткізетін өңірлік хабқа айналуға мүмкіндігі мол

17.10.2023

Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені өнімдерін жеткізетін өңірлік хабқа айналуға мүмкіндігі мол. Бірақ, көлік қауіпсіздігі мәселесінде кедергілер бар. Оны шешу үшін бірігу керек. Осы тұрғыда Орталық Азия мен Үндістанның бірлесе әрекет етуі түйткілді тарқатуға сеп болмақ. Бүгін елордада аталған елдердің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысы өтті. Онда халықаралық терроризм мен экстремизм, қару мен есірткінің заңсыз айналымы, трансұлттық ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл проблемалары талқыланды. Оның үстіне ақпараттық қауіпсіздік мәселесі де өзекті. Тараптар Ауғанстандағы қазіргі жағдай мен оның өңірдегі қауіпсіздік пен тұрақтылыққа әсерін де қарастырды.

Ғизат Нұрдәулетов, ҚР Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы:

Өңірде қауіпсіздік пен тұрақтылықтың болуы маңызды, сонда ғана біз сауда-экономикалық серіктестіктің іргетасын бекіте түсеміз. Мәдени-гуманитарлық байланысты да кеңейтеміз. Осындай форматтағы жиындар заманауи сын қатерлерге төтеп беретін алаңға айналарына сенімдімін.


Асима Нұрбайқызы

Хабарламаларға жазылу