Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Астана қалалық әкімдігі қайырымдылық акциясын өткізді.
Бұл шара Ата Заңның 19 жылдығына арналды. Негізгі Заңда еліміздің азаматтары тарихи, мәдени мұраны сақтауға міндетті делінген. Ал, қарияларды құрметтеу - қазақ салтында мәдениеттің биік шыңы.
Қарттар мен мүгедектерге бүгін құрмет көрсетілді, жылы лебіздер айтылып, арнайы сыйлықтар үлестірілді.
Ал, қарттар арнайы ұйымдастырылған концертті тамашалап, шат-шадыман күйге бөленді.
Хасан Шарипов, өзбек этномәдени орталығы төрағасының орынбасары:
Жастарымызға қарияларды естен шығармауды, құрметтеуді үйретеміз. Біз қариялардан тәрбие алуымыз керек. Жастар қарияларды қарттар үйіне алып келмей, өздері қарауы керек.
Сәкен СЕЙІТХАНҰЛЫ