Үш бөлімді еңбекке ақынның азаматтық үнін танытып, туған ел, атақонысқа ілтипатын білдіретін және руханиятта ізі қалған тұлғаларға арналған жырлары жинақталған. Ақын Тыныштықбек Әбдікәкімов пен жазушы Қуандық Түменбаев кітаптың таспасын қиды. Шығармашылық кеште жаңа есім, жас таланттарды таныту мақсатындағы аймақтық мүшәйраның да жеңімпазы анықталды. Ақжайықта туып-өсіп, Атырауда ақын боп қалыптасқан қаламгерге көрермені де қошеметін аямады.
Қуандық Түменбай, жазушы:Асантемір - аз жазады, аз жазса да, саз жазатын ақын. Сосын өзін-өзі насихаттамайтын ақын. Әдеби ортадан, Алматыдан жырақ жүрсе де, өз оқырманы бар. Мұның поэзиясында бір патриоттық сарын бар. Туған жер, адами болмыс, аңсау, адам сатпау, ірілік сияқты ұғымдар оның поэзиясында көзге анық көрінеді.