Астанада жетінші Еуразиялық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада жетінші Еуразиялық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды

17.04.2024

Астанада жетінші Еуразиялық кітап көрме-жәрмеңкесі басталды. Халықаралық шараның мақсаты - кітап оқуды насихаттау, оқырман мәдениетін қалыптастыру. Жәрмеңкеде ересектерге ғана емес балаларға арналған көркем әдебиеттің сан алуан түрі бар. Шара барысында «жылдың ең үздік кітабы анықталады.

Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:

7 жылдан бері тұрақты түрде өткізілетін бұл халықаралық кітап көрме-жәрмеңкесін оқырман сағынып қалған секілді. Өйткені, мұнда адам саны өте көп. Ине шаншар орын жоқ десек те болады. Әсіресе оқырман ішінде жастар көп екенін байқадық. Мында тұрған кітаптар арасында қазақ әдебиетінің жауһарлары, әлемдік классика, ғылыми-танымдық еңбектердің сан мың түрі бар. Жалпы жәрмеңкеге 70-тен астам баспа қатысып жатыр. Оның ішінде тек еліміздің ғана емес шетелдік баспалар да бар.

Айнұр Көпбаева, ұйымдастырушы, «Foliant» баспасының бөлім басшысы:

Бұл барлық кітапсүйер жанға өте қуанышты мереке. Біздің осы көрмедегі салған идеямыз ол отбасылық кітап оқу мәдениетін қалыптастыру. Кітап көрмесінің аясында, яғни, мұнда біз шетелдік баспагерлерді шақырып Астанаға. АҚШ, Индонезия, Малайзия жйне Моңғолиядан да келеді. 20 ел тіркелген. Олардың мәдениетімен таныса отырып, ол баспадағы қызметкерлермен тікелей сөйлесуге болады.

Хорхе Урбиола, Испанияның Қазақстандағы өкілетті елшісі:

Биыл Испан баспасы үшінші рет қатысып жатыр. Біз көрмеге еліміздегі танымал шығармаларды, Испания мәдениетінен сыр шертетін біраз әдебиетті әкелдік. Сондай-ақ, осы көрме арқылы қазақ тілді шығармалармен танысып жатырмыз. Мен Абай шығармаларын, қазақ поэзиясын сүйіп оқимын.Қазір Испан жазушылары Қазақстанға келіп қазақстандық баспагерлермен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Сондай-ақ, бірнеше шығарманы қазақ тіліне аударып жатырмыз.

Ақмаржан Ғафизқызы, тілші:

Мұнда енді әр баспа әртүрлі іс-шара өткізіп жатыр. Мәселен, менің артымдағы алаңда Ақұштап Бақтыгееваның «Менің Фаризам» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтіп жатыр. Жалпы шара аясындаа 50-ге тарта жаңа шығарманың тұсауы кесіледі деп күтілуде. Оқырмандар үшін тағы бір жағымды жаңалық. Әр баспа сатылымға шығарған кітаптарын баспадан шыққан құны бойынша сатып жатыр. Халықарлық кітап жәрмеңкесі 5 күн бойы жалғасады

Ақмаржан Ғафизқызы


Хабарламаларға жазылу