Елімізде түлектердің 60% өз мамандығымен жұмыс істемейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде түлектердің 60% өз мамандығымен жұмыс істемейді

30.05.2022

Елімізде жоғары оқу орындарын бітірген түлектердің 60%-ы мамандықтары бойынша жұмыс істемейді. Бұл орта мектептерде профориентация бойынша жұмыстың тиімсіздігін көрсетеді. Осы мәселені жан-жақты зерделеу үшін жетекші мамандар Алматыда бас қосты. Сарапшылардың пікірінше, оқушылар мектепте сабақпен ғана шектеліп, өмірге қажетті дағдыларды игермейді.

Сондықтан балаларды мектептен кейінгі өмірге бейімдеу маңызды. Ең алдымен баланы өмір бойы үздіксіз білім алуға, оқуға үйрету керек. Сосын оқушыларды өндіріске апарған абзал. Экскурсия өткізіп, өндірістегі мамандармен бетпе-бет кездесу ұйымдастырса, олардың мамандыққа деген ынтасы артады. Үшінші мәселе, дұрыс коммуникация құру. Көп жағдайда балалар ақпараттың жетіспеуінен өзіне ұнайтын мамандықты дұрыс таңдай алмай, уақыт өткізіп алады. Қай мамандыққа сұраныс жоғары, жұмысқа орналасу деңгейі қандай деген сұрақтарды талапкерлер жақсы білуі тиіс дейді мамандар.

Қанат Өксікбаев, талапкерлерге арналған JOO.KZ платформасын құрушы: 
Балаларға ақпарат дұрыс жетпейді. Дұрыс жетпеген соң олар не таңдайтынын білмейді. Білмеген нәрсесін таңдай мүмкін емес. Біз сол ақпаратты жеткізуге әртүрлі мамандықтарды көрсетуге, оларға ұнайтын, оларға сәйкес келетін, олардың икемі келетін мамандықтар болуы мүмкін. Біз соны ашып көрсетуге тырысамыз. 

Қуан Нұрақын

Хабарламаларға жазылу